Азиада-2023. Ханчжоуда Қазақстанның туы көтерілді

1880
Adyrna.kz Telegram
фото: instagram.com/kazparavolley
фото: instagram.com/kazparavolley

21 қазанда Ханчжоудағы пара атлетикалық ауылда Қазақстанның мемлекеттік туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бүгіннен бастап Қазақстан құрамасы ресми түрде IV Азия Пара ойындарының сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Шараға Қазақстан құрамасының спортшылары мен спорт саласының мамандары қатысты.

 Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аман-есен жетті. Біздің спортшылар классификациядан сәтті өтіп, өздерінің спорт класын растады. Спортшылардың класы паралимпиадалық спортта шешуші рөл атқарады, бұл барлық қатысушылар үшін әділ жарыстарды қамтамасыз етеді. Енді біздің алдымызда бағалы медальдар үшін қарқынды күрес тұр. Қарсыластарымыз осал емес. Осы Ханчжоу-2023 пара ойындарына еліміздің тарапынан спорттың 14 түрі бойынша 131 спортшы қатысады, бұл - Қазақстанның Азия пара ойындары тарихындағы қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд. Алдыңғы ойындарға Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысып, 33 жүлдеге қол жеткізген болатын. Биыл одан да көп медаль әкелеміз деп үміттенеміз, - деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер