«Қазақстан тауардың 106 түрін Ресейге өткізбейді». Министрлік ақпаратты жоққа шығарды

2238
Adyrna.kz Telegram
Сурет: otyrar.kz
Сурет: otyrar.kz

Сауда және интеграция министрлігі БАҚ-та жарияланған Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынастарын реттеу Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың ережелеріне толық сәйкес жүргізіледі.

«Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресей Федерациясына кез келген тауарларды экспорттауға тыйым салынбаған.
Бұл ретте экспорттық бақылауға жататын “қос мақсаттағы" тауарлармен сауда Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеміз. Заңнама бойынша мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет. Экспорттық бақылау жүйесі қос мақсаттағы тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алуды көздейтін сауда саясатының ерекше саласы болып табылады. Экспорттық бақылау ұлттық құзыретке жатады, ол ЕАЭО туралы шартта да бар»,—делінген хабарламада.

Министрлік қос мақсаттағы тауарларды экспорттық бақылау халықаралық тәртіпке сай 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар БАҚ Қазақстан әскери мақсатта пайдалатын 106 тауарды Ресейге экспорттамайтынын жазған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер