Бауыржан Байбектің әйелі судья қызметінен босатылды

2269
Adyrna.kz Telegram
Сурет: qaz365.kz
Сурет: qaz365.kz

Бауыржан Байбектің әйелі Жанар Байбек Астана қалалық сотының судьясы қызметінен кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

6 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжатта қызметінен босатылған 35 судьяның тізімі берілген. Олардың арасында елордалық сотта судья болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар. Жарлықта оның өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны атап көрсетілген.

Айта кетейік, Жанар Байбек бұл қызметке 2018 жылы тағайындалған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер