Израиль ресми түрде соғыс жағдайына көшетінін мәлімдеді

1722
Adyrna.kz Telegram
Фото: РЕЙТЕР
Фото: РЕЙТЕР

Израиль ресми түрде соғыс жағдайына көшетінін жариялады. Бұл туралы Беньямин Нетаньяху кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, әскери-саяси кабинет үкімет туралы негізгі заңның 40-тармағын орындап, соғыс жағдайына көшті.

Әскери-саяси кабинет соғыстың жай-күйін және соған сәйкес ірі әскери операциялардың басталуын мақұлдады. Газа секторынан болған лаңкестік шабуыл нәтижесінде Израиль мемлекетіне жасалған соғыс 7 қазанда таңғы 6:00-де басталды, – делінген хабарламада.

Соңғы мәліметтер бойынша, Израильде 600-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 2048 адам жарақат алды. Газа секторы олардың аумағында тағы 313 адам қаза тауып, екі мыңға жуық адам зардап шекті деп мәлімдейді.

Пікірлер