Сапасыз жолда апатқа ұшырағандар мемлекеттен ақша өндіре ала ма?

1533
Adyrna.kz Telegram

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев сапасыз жолдың кесірінен апатқа ұшыраған жүргізушілердің кейбірі мемлекеттен келген шығынды өндіріп алып жатқанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Журналистің «Көлік жүргізушісі жаман жолда апатқа түсіп, мәшинесі жарамсыз болып қалса, мемлекеттен сот арқылы ақша өндіре ала ма?», - деп қойған сауалына вице-министр оның мүмкін екенін айтты.

Марат Қожаевтың айтуынша, ол үшін апаттың нақты жол сапасыздығынан болғанын дәлелдеу керек.

«Әрине, жол-көлік оқиғасының себебі жолдың жағдайына қатысты екені дәлелденсе, соның кесірінен жүргізушіде апаттың алдын алуға мүмкіндік болмаса, сотқа азаматтық негізде шағым түсіре алады. Ондай фактілер болған және мүлкіне келген залалды өндіріп алғандар бар. Қазір олардың нақты санын айта алмаймын», - деді вице-министр.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер