Алматыға жарысқа келген 6 жасар атыраулық бала көз жұмды

2395
Adyrna.kz Telegram

Алматыға спорттық жарысқа келген 6 жасар бала оқыстан қаза тапты, деп  "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте түскі уақытта болған.

Бейресми дереккөздердің мәліметінше, бір топ бала жеке спорт клубының жаттықтырушысымен бірге AIGA Grappling сияқты жекпе-жек спортының бір түрі бойынша ARLAN GRIP KUZ OPEN (AIGA) халықаралық турниріне қатысу үшін Атыраудан Алматыға арнайы келген.

"Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы жарысқа 12-14 жас аралығындағы бір топ жасөспірімдерді апарған. Олар атыраулық спортшылар тұрақтаған жерде болған. Олардың бесеуі дүкенге баруға сұранған.

Дүкенге барғанда алты жасар И.Ж. есімді бала оқыс оқиғаға ұшырап, қаза тапқан. Әзірге қандай "оқыс оқиға" екені нақты айтылмайды,

Оқиға туралы Алматының құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде. Мәліметтер нақтылануда. Басылымның жазуынша, баланың неден көз жұмғаны нақтыланбаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер