Қызылордалық тұрғынның жиенін сатпақ болғаны айтылды

60383
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда қаласының тұрғыны қызының нәрестесін сатуға әрекет жасаған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланды. Қызылордалық әйел кәмелеттік жасқа толмаған қызының өмірге алып келген нәрестесін сатпақ болған. Жасөспірім қыз кафелердің бірінде даяшы болып жұмыс істеп жүрген.

Қызылорда облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның шын мәнінде орын алғанын растап отыр.

"Осы жылдың 7 қыркүйегінде тіркелген дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандар саудасы дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді", - деп жазылған департамент хабарламасында.

Кәмелет жасына жетпеген жасөспірімнің жүктілігі бойынша облыстық білім басқармасы да түсініктеме беріп, жағдайдың бақылауға алынғанын айтты.

"Оқиға тіркелген уақыттан бастап білім бөлімінің қамқоршылық қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын орган мамандары бақылауға алды. Оған қатысты тиісті шаралар атқарылды. Бүгінгі таңда сәби кәмелетке толмаған анасының қолында екендігін жеткіземіз", - деді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер