Астанада ер адам көпқабатты үйден секірмек болды

2093
Adyrna.kz Telegram

Астанада полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«102» арнасы бойынша көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз азамат 8-қабаттың терезесінен секірмекші болғаны туралы қоңырау түскен. Құрамында полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков бар автопатрульді оқиға орнына жетті. Полицейлер келгенде ер адам балкон терезесінде қолымен асылып тұрғанын байқаған.

Тәртіп сақшылары  еденге көтеріліп, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды қолынан ұстап, ішке тартып кіргізген. Осы кезде мас күйінде болған ер адам қатты айқайлап босатуды сұраған.

"Біз экипаж мүшесі ретінде балконда асылып, төменге секірмекші болған ер адам тұрған жерге бірден жеттік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оның қолынан ұстап, пәтерге кіргіздік», - дейді Асылхан Молдағалиев.

Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтауда. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер