Огай шындықты айтқаны үшін 500 мыңға жазаланды

1847
Adyrna.kz Telegram

"Жетісу" клубының бас бапкері Дмитрий Огай "Тобылға" қарсы өткізген кездесуден кейін төрешілер туралы әділдікті айтқаны үшін Қазақстан футбол федерациясының этика комитеті оны 200 МРП (505 мың теңге) жазалапты.

Не үшін? Кодесктің 2 және 8 баптарын бұзғаны үшін екен. Бұл не бап деп Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына кіріп, қарағым келген. Телефонымнан ашылмады.

Не ғой, сонда біздің футболда ешкім өз ойын айта алмай ма? Өтірік ойнай береміз бе? Шындықты айтқаны үшін жазалану керек пе?

Онда ше, давайте ел біріншілігін жаба салайық. Бәрібір кім чемпион болатынын білеміз. Төрешілер сатылатынын білеміз. Көөөөп ақша кететінін білеміз. Оның бәрі xалықтікі екенін білеміз. Футболды жауып, салықтан жиналған ақшамызды мұқтаж жандарға берейік. Ал, ақшасы көптердің балдары футболды шет елде үйреніп келсін.

Айтпақшы, Ермухамед Маулен сен де біраз нәрсе айтып жүрсің ғой. Байқашы, саған да айыппұл салып жібермесін.

Уәлихан Қосанбайдың Фб парақшасынан

Пікірлер