Жетісу облысындағы тас жолда жол апатынан 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жол апаты Көксу ауданында Volkswagen Passat автокөлігінің қатысуымен болды. 41 жастағы ер адам басқарған шетелдік көлік Алматы-Өскемен тас жолының 203 шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылды.
Оқиға орнында жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді, делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік тізгіненде қалғып кетуіне байланысты болған.