Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қазақстандықтарға қатысты сот үкімі шықты

5648
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан қашқан екі қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Заңгер соттың қазақстандықтарға 3 миллион вон айыппұл салғанын жеткізді.

«Бұл Қазақстанның халықаралық тағы бір беделді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытталмай, айыппұл төлеп ,елге қайтатын болды»,—деді ол.

Айта кетейік, 27 наурызда Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынған екі Қазақстан азаматының Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз шығып кеткенін мәлімдеген еді. Кейіннен олардың екеуінің де ұсталғаны белгілі болды. Екі қазақстандық та өз кінәсін мойындап, отбасыларын асырау мақсатында жұмыс істеу үшін ұшып келгендерін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер