Палестина ақпарат көздері Әл-Ақса мешітінің шығыс бөлігінде өрт шыққандығын жариялады. Бұл туралы «Mehr news» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әл-Ақса мешітінің шығыс бөлігінен шыққан өртті өрт сөндіру бригадасы сөндірді.
Палестина басшысы Махмуд Аббас Әл-Ақса мешітінен шыққан өртті қатаң айыптап, бұл қасиетті орынға қарсы шабуылдардың жалғасу әрекетіне байланысты ескерту жасады.
Әл-Ақса мешітінің шығыс бөлігінен шыққан өрт Францияның астанасы – Париж қаласындағы Нотр-Дам шіркеуінен шыққан өрт кезінде орын алған.