Болгария парламенті Бургас портына жақын жердегі мұнай терминалымен ресейлік "Лукоил" компаниясы пайдаланып отырған, Болгарияның жалғыз түйір мұнай айыру зауытын мұнаймен қамтамасыз етіп отырған концессиялық келісімін бұзуға келісімін берді.
Қарапайым тілге аударғанда Болгария "Лукоилға" есікті көрсетті. Кете бер, сенсіз де өз күнімізді өзіміз көрерміз, бізге жақсылық жасағандай бұлданбай-ақ қой, тіпті жалғыз зауытымыз тұрып қалса да деді. Шамасы Ресеймен тіпті де еш байланысы болмағанын дұрыс көрген шығар?
Ал бізде "Лукоил" десе бәрін беруге әзір. Сорлылық қой, 30 жылда ең болмағанда мұнай өндірісін жолға қоя алмаған.