12-18 миллион теңге. Желіде ҚазМұнайГаздың бұрынғы топ-менеджерінің әйелі қызу талқылануда

1863
Adyrna.kz Telegram

Желіде «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі экс-орынбасары Асқар Әубәкіровтың әйелі Ботагөз Көшенованың әл-ауқаты талқыға түсуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz  порталына сілтеме жасап. 

Экс-орынбасардың әйелі Көшенова сәнді де қымбат киімдерімен түскен суреттерін үнемі желіде жариялап отырады. Әубәкіровтың әйелінің бір ғана суретіндегі дүниелер 12 миллион теңгеден 18 миллион теңгеге дейін бағалануы мүмкін екені мәлім болды.

Фото: әлеуметтік желіден

Асқар Әубәкіров 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына дейін «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-ның сатып алуларын «қадағалап», 2012 жылдың қаңтарында ол жерден жұмыстан шығарылған.

Ұлттық компания Әубәкіровтың ҚМГ жүйесінде 11 жыл жұмыс істемегенін жазған. 

Сонымен қатар, 2011 жылы Жаңаөзенде қазіргі Қазақстан тарихындағы ең ауыр наразылық акцияларының бірі болды.

Бірінші жартыжылдықта мұнда мұнайшылардың ереуілдері басталып, ақырында оған 15 мыңға жуық адам қосылды. Ресми мәлімет бойынша, 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Бейресми деректерде бұл оқиғаларға қатысушылардың кем дегенде 70-і көз жұмып, бес жүзден астамы жараланғаны айтылады. Қаза тапқандардың арасында сол күні алаңда кездейсоқ болған қаланың тұрғындары да бар.

Ал Әубәкіров «ҚазМұнайГазда» үш жыл (2009 жылдан 2012 жылға дейін) жұмыс істеген. Компаниядан босатылғаннан кейін ол «Каспий мұнайы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – директорлар кеңесінің төрағасы болды (03.07.2016-07.2017).

Ол сондай-ақ «ЕуроАзия Констракшн» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, директоры болды.

Пікірлер