Бір баппен бірнеше рет сотталған қылмыскерлерді рецидивист деп атайды. Сонымен қатар Амангелді ағамыз бір ғана “жала жабу” бабымен бірнеше рет сотталған. Журналист Амангельды Батырбековті “Рецидивист-журналист” деп атауымның себебі осы. Журналист ағамыздың бұл жолғы қамалуына қатысты пікір білдіріп, қаншалықты заңды болды деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Осы істі жүргізген судья Берік Қаиповтың сот ісін әділ, жан-жақты зерделеп жүргізгендігіне күмәнім бар. Бірақ бұл сот шешіміне қатысты аппеляциялық сотта бағасы беріле жатар. Менде бұл жайға құзіретім болмаған соң нақты баға бере алмаймын.
Сондықтан менің бұл жазбам - судья Берік Қаиповтың осы істі қарауының өзі қаншалықты заңды болды деген сұрақтарға арналмақ.
Мәселе былай:
Осы істі қараған Берік Қаипов деген судья бұған дейін де журналист-заңгер Амангелді Батырбековке қатысты бірнеше қылмыстық істерді жүргізіп, заңсыз айыптау үкімін шығарған. “Заңсыз” деуге себеп бар. Мысалы, судьяның Амангельды Батырбековке қатысты шығарған үкімдері жоғарғы сатыдағы соттарда күші жойылып, журналист ақталып отырған.
Мысалы:
1) 2015 жылы 12-ші қазан күні дәл осы судья А.Батырбековке қатысты ҚК -130-шы “Жала жабу” бабы бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.
Бірақ, аппеляциялық сотта ол үкім жоққа шығарылған.
2) 2016 жылы 30-шы наурыз күні(бір жылдан соң) дәл осы судья, дәл жоғарыдағы “Жала жабу” бабымен А.Батырбековты 2 жылға бас бостандығынан шектеуге (условный) үкім шығарады.
Бірақ, тағы да бұл үкім аппеляциялық сотта күшін жояды.
Одан бөлек, судья журналист А.Батырбеков жазатын сыни мақалаларының тұрақты кейіпкеріне айналған.
Журналисттің “Миятбековтың миы ашып қалған ба?” атты мақала постындағы сілтемелерінде де судья Берік Қаиповқа қатысты жазылған сыни пікірлерді кездестіреміз.
Сондықтан, бұл судьяның әкімшілік істі қарауға құқығы жоқ еді деп ойлаймын.
Себебі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің “Соттын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, әкімшілік құқық бузушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу кажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулылсына шағымды, наразылықты қарау мумкіндігін болғызбайтын мән-жайларға” арналған 829-7-бабының 2-ші тармағында:
«Істің шешілуне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болған жағдайларда, сот істі, шағымды,
наразылықты қарай алмайды” деп, тайға таңба басқандай көрсетіліп қойған.
Бұл аз десеңіз, дәл осы кодекстің “Судьяның өздігінен бас тартуы және оған карсылық білдіру” туралы 829-8 бабының 1-ші тармағы да сөзімізді нақтылай түседі. Тармақта: “Осы Кодекстің 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болган кезде судья өздігінен бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті” деп тайға таңба басқандай көрсетіліп қойған.
Демек, біз алға тартқан кодекске сай судья Берік Қаипов мырза журналист тарапынан өзіне қатысты сыни-пікірлердің жариялағандығын ескере отырып бұл істі қараудан бас тартуы керек еді.
Судьяның бұл істі қарауға құқығы жоқ еді.
Өкінішке қарай, судья бұл істі қараудан бас тартпаған. Әрі, тағы да журналистке қатысты айыптау шешімін шығарған. Ол шешімінің қаншалықты заңды-заңсыз болғаны жоғарғы сот сатыларында анықтала жатар.
Бірақ, судьяның бұл істі қарауға қаншалықты заңды құқығы барын кім анықтайтынын білмедік?!
Еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресіп, халықтың жырын жырлап келе жатқан ағамызды “Жыласаң тағы да ұрамыз” дегендей тағы да қамағанымен бұдан да ақталып шығарына сенеміз.
Aqorda
ҚР Парламентінің Мәжілісі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты/Верховный Суд Республики Казахстан
Түркістан Облыстық Соты
Абзал Құспан
Bauyrzhan Azanov
Unzila Shapak
Егерде, судия Берік Қаипов мырзаның қарсы уәжі болса, сұхбат алуға дайын екенімізді мәлімдеймін.
87022752010