Балаңа диплом әперемін. Сауранда күдікті диплом сату үшін ауыл тұрғынынан 1,3 млн теңге алған

3236
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының полицейлері кезекті диплом сатпақ болған күдіктіні ұстады. Күдіктінің 1 миллион 300 мың теңгеге диплом сатпақ болғаны хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме көрсете отырып. 

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғанын айтып шағымданды.

Сырттай таныс әйел жәбірленушінің ұлына диплом алып беремін деп ақша алғаны айтылды. Ол өзінің мұндай көлденең қызметі үшін 1 миллион 300 мың теңге сұраған болып шықты.

Қазір аталған факті ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынып, тергеу жұмыстары басталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер