Алматыда Құрбан айт мейрамына орай құрбан шалу үшін 14 орын дайындалды

2331
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы бойынша құрбан шалуға рұқсат етілген аймақтардың тізімі жарияланды, деп жазады "Адырна". 

Бұл туралы қалалық діни басқарма өкілдері хабарлады.

Алматы әкімдігі биылғы жылы мұсылмандардың қасиетті мейрамы Құрбан айт 28 маусымға сәйкес келетінін және 30 маусымға дейін тойланатынын атап өтті.

Алматыдағы 54 мешітте айт намазы сағат 6:00-де оқылады. Құрбан айт мейрамының негізгі ғибадат қызметі – құрбан шалу рәсімі айт намазынан кейін орындалады.

 

Пікірлер