Бүгін сағат 16:00 шамасында Ақсу ферроқорытпа зауытындағы цехтың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«21 маусымда Ақсу ферроқорытпа зауытында № 4 балқыту цехындағы №41 пештің жанындағы трансформатор ашық отқа оранып, шамамен 30 тонна май төгілген. Өрт кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметінің күштерімен және Ақсу қаласының өрт сөндіру бөлімімен оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысы ТЖД басшылығымен штаб құрылды»,—делінген зауыттың Instagram-дағы парақшасында.
Қазіргі таңда өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
<