Швеция дүкендерінде Oreo мен Milka-ның Украинадағы "соғыстың демеушісі" екендігі ескертіле бастады

2071
Adyrna.kz Telegram
Швед үкіметі сауда нарығының тұтынушыларын "соғыс демеушілерінен" сақтандыра бастады. Украинадағы соғысқа "жан бітіріп" отырған Oreo мен Milka өнімдерін ерекшелеп атап, өндірушілердің әрекеттерін әшкереледі. Оның дәлелі ретінде дүкен сөрелеріне ескерту тақтайшалары ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Швецияның ең ірі ICA атты сауда орталықтарының  бірінде ерекше жағдай болып жатыр. Ол жерде  Украина  "соғыс демеушілері" ретінде жариялаған Oreo, Alpen Gold, Milka және т.б. брендтерінің жанында ескерту тақтайшалары орнатыла бастады. Бұл өнімдердің барлығы америкалық Mondelez International компаниясына тиесілі. Бұл туралы Әлеуметтік желілерде продюсер Сэм Клебанов хабарлады.
Мұндай тақтайшаның бірі Marabou жайғасқан сөреде орналасқан. Онда:
"Ғафу өтінеміз, назар салыңызшы. Marabou - Ресей мен Украина арадағы соғысқа демекші болғаны үшін Украинаның қара тізіміне енген", -  деп жазылған.
Бұдан бөлек, бірқатар скандинавиялық компаниялар Mondelez International өнімдерін сатудан саналы түрде бас тартты. Себебі, жемқорлыққа қарсы ұлттық агенттік мұндай өнімдерді "соғыстың демекшілері" деп жариялаған еді.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер