Тоқаев алдағы үш жылда Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарының қалпына келетінін айтты

1973
Adyrna.kz Telegram

Президент Тоқаев алдағы үш жылда шекаралық аудардар: Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарының қалпына келетінін хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Аманат» партиясы бірқатар шекаралас ауданды қалпына келтіру туралы бастама көтергенін білесіздер. Үкімет менің тапсырмаммен бұл мәселені пысықтады. Мен соған сәйкес Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым. рине, бұған арнайы дайындық керек. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан қарасақ та, өте маңызды мәселе», - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы  былтырғы Президент сайлауынан кейінгі ауылды дамыту туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеп, Үкіметтің алдағы бес жылда ауылды дамытуға күш салатынын қадап айтты.

"Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Елге еңбегі сіңген көрнекті тұлғалардың басым көпшілігі ауылдан шыққан. Біз елімізді өркендетеміз десек, ауыл мектебінің жай-күйін жақсартуды мықтап қолға алуымыз керек. Бұл жұмысты «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының аясында кешенді түрде жүзеге асыру қажет. Яғни, мектеп салу, күрделі жөндеу жүргізу және оны жабдықтау жұмысын тиісті деңгейде атқару маңызды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер