3 млн теңгеден береді. Қазақстандық банк өрттен көз жұмғандардың несиесін кешіреді

3256
Adyrna.kz Telegram

Абай облысындағы орман өрті кезінде қайтыс болған жандардың отбасына 3 млн теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі. Бұл туралы қаржы ұйымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңге беріледі. Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің осы банктегі бар несиесі есептен шығарылады, - делінген қаржы ұйымы таратқан хабарламада.

Пікірлер