Бас прокурор орынбасары Еуропадағы вилласын қалай сатып алғанын айтты

2037
Adyrna.kz Telegram

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов Францияда вилласы бар деген ақпаратқа қатысты сауалға жауап берді, деп жазады "Адырна". Бұл туралы ол бүгін, 7 маусым күні Мәжіліс отырысынан кейінгі тілшілерге берген жауабында айтты. 

Әлеуметтік желілерде Францияның Чен-сюр-Леман коммунасындағы Женева көлінің жағасында Ұлан Байжановтың вилласы бар деген ақпарат тараған болатын.

Байжанов мемлекеттік қызметке келгенге дейін бизнесмен болғанын айтты.

"Несиеге 20 жылға алынған болатын. Қазір 13 жылын төлеп болдық. Енді алдығы 7 жылдан кейін жекеменшікке өтеді" деп жауап берді Байжанов.

Сондай-ақ, журналистің Еуропадағы вилланың оған не үшін қажет екендігін сұрағанына, "ол жеке деректер, олар құпия қалуы тиіс" деп қысқа қайырып жауап берді.

Еске сала кетейік, Ұлан Сапарұлы Байжанов 2022 жылдың 24 ақпанында Мемлекет басшысының өкімімен  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

 

Пікірлер