Алматының орталығында суық су уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмалы ауданындағы бірқатар үйлерде суық су жоспарлы түрде тоқтатылады деп күтілуде. Өшіру себебі су желілерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты.
"Жоспарлы жұмыстар 8 маусым күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Тілендиев - Райымбек - Розыбакиев - Дүйсенов көшелерінің ішінде орналасқан үйлер мен ғимараттарда суық су болмайды", - делінген хабарламада.