Президент Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына сапарлады

2305
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Мемлекет басшысы егіс жұмыстарының барысымен танысып, шаруалармен кездесулер өткізеді, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды», - деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Тоқаевты әуежайдан облыс әкімі Айдарбек Сапаров күтіп алды.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының осы аптадағы жоспарлары туралы хабарлаған болатын.

30 мамырда Мемлекет басшысы Астанада бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

2 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия-Еуропа Одағының екінші саммитіне қатысуды жоспарлап отыр. Ол Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер