Іш киіммен стадионда жүрген ер адам қамауға алынды

2554
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысы Ертіс ауылында 41 жастағы тұрғын Орталық стадион аумағында іш киіммен жүрген. Келген полицейлерге ер адам өзінің десантшы екенін және Орталық стадионды күзетіп жүргенін айтқан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Оның шешімімен 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды және үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

«Сонымен қатар ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер