NIS оқушысы авторлық құқыққа ие болды

6921
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Алихан Қажығұмар зияткерлік меншік авторлық құқығының иесі атанды.

Алихан «Қапал-Арасан» радонын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеді.

170 жылдық тарихы бар Қазақстанның ең көне шипажайы «Қапал-Арасан» қашанда шипалы минералды су көздерімен танымал. Алайда бүгінде шипажайдың жұмысы құлдырауға ұшырады.

 «Қапал-Арасанның» негізгі емдік факторлары бұл аз родонды және төмен термиялық бұлақтар болып табылады. Мен бірқатар зертханалық зерттеулер жүргіздім және адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, оның қорғаныс реакцияларын ынталандыратын радон екенін анықтадым. Радон элементі адамның өмір жасын ұзартады, түрлі ауруларға қарсы тұруға ықтимал», - дейді сұхбатында жас зерттеуші Алихан.

Алиханның айтуынша, тау етегіндегі климат пен солтүстік Жетісудың тамаша табиғатымен ерекше минералды бұлақ қасиетін біріктіретін бұл әсем демалыс орны қайта қалпына келтірілуі керек.

Барлық көрсеткіштері бойынша: температуралық және химиялық, «Қапал-Арасан» бұлақтары Грузиядағы әйгілі Цхалтубо бұлақтарына ұқсас.

Жоба жұмысының жетекшісі – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Кушерова. Бұл ғылыми жоба авторлық куәлік алып қана қоймай, «Дарын» мектепішілік ғылыми жобалар байқауында жүлделі орынға ие болғанын айта кеткен жөн.

Пікірлер