Әлем кубогы. Қазақстандық параспортшылар 32 медаль жеңіп алды

2288
Adyrna.kz Telegram
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Грузияның Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы мәресіне жетті. Жарысқа 20 мемлекеттен 94 спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы 32 медаль еншіледі: 11 "алтын", 12 "күміс" және 9 "қола". Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жүлделі болған спортшылар:
1.Әйгерім Айдарқызы – 41 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1-орын және үш тәсілдің қосынды сомасының нәтижесі бойынша жасөспірімдер арасында 1-орын еншіледі. Ересектер арасында 2-орын және үш тәсілдің қосындысы 2-орын иеленді.
2.Алина Солодухина – 45 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-ші орын және әйелдер командалық жарысында 3-ші орын алды.
3.Фариза Толжан – 55 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын, үш тәсілдің сомасы бойынша 2-орын.
4. Айжан Берімқұлова – 50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын, аралас командалық жарыста 3-орын иеленді.
5.Гүлім Құрманбаева – 45 келіге дейінгі салмақта командалық жарыс бойынша 3-ші орын.
6.Раушан Қойшыбаева – 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын, ардагерлер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын. Ал әйелдер командалық жарысында – 3-орын.
7.Мөлдір Маханбетова – 79 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 3-орын.
8. Ерболат Кәрібай – 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша ересектер арасында 3-орын және аралас командалық жарыста 3-орын.
9. Жақсылық Баққожа – 80 келіге дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында 3-орын және аралас командалық жарыста 3-орын.
10.Рахметжан Хамаев – 88 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын.
11.Әділжан Баутов – 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын.
12. Снежанна Бойко – 45 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1- орын және үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 1-орын, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 2-орын.
13. Зарина Әшір – 50 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 2-ші орын және үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 1-орын, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижесі бойынша 2-орын.
Пікірлер