Қазақстанда футболдан әлем чемпионаты өтуі мүмкін – ФИФА президенті

2749
Adyrna.kz Telegram
Фото: kff.kz
Фото: kff.kz

Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино елімізге сапары барысында Қазақстанда әлем чемпионаты өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ол Астанада қыздар арасындағы ұлттық лиганың ашылу салтанатында елімізге спорттық инфрақұрылымға көбірек ақша салып, қазіргі заман талабына сай алаңдар мен жабық стадиондар салу керектігін атап өтті. Сонымен бірге Инфантино еліміздің әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігіне қатысты да пікірін білдірді.

“Орталық Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстанда жастар арасындағы немесе одан кіші жастағы топтар арасындағы әлем чемпигонатын өткізуге болады. Ол үшін, әрине, көп жұмыс атқарылуы керек. Егер Қазақстанда жастар немесе жасөспірімдер арасында әлемдік дода ұйымдастырылатын болса, бұл мәселені кеңірек талқылаймыз”, – деді ол.

Айта кетейік, ФИФА президенті Джанни Инфантино елімізге Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың арнайы шақыруымен келген болатын.

Пікірлер