Тоқаев жемқорлыққа қарсы күресетін басшының жаңа орынбасарын тағайындады

1766
Adyrna.kz Telegram
Бұрын Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне басшы болған Дархан Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тиісті өкімге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мамыр күні қол қойды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған Ақорданың ресми сайты таратқан хабарламада.

Дархан Ғалымтайұлы 1983 жылы туған, жоғары білімі бар.

2004 жылы қаржы полициясы академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарда 18 жылдан астам еңбек етіп келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер