Алматы облысы өңірді дамытудың 2023 жылға арналған басымдықтары белгіленді

1164
Adyrna.kz Telegram
agroinfo.kz
agroinfo.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қоғамдық кеңес мүшелерімен отырыс өткізген отырысында облыс әкімі шешімдерді қабылдау кезінде өңірлік басшылық үшін негіз болатын Алматы облысының ағымдағы жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары мен міндеттерін белгіледі:

1. Экономикалық дамудың жоғары қарқынын қалпына келтіру, инвестициялар тарту және халықтың табысын ұлғайту;

2. Ет, сүт, майлы дақылдар, көкөністер мен жемістерді өңдеу саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;

3. Ауыл тұрғындарына шағын несие беруге бөлінген қаражатты толық игере отырып, "ауыл аманаты" жобасын іске асыру;

4. Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде шағын және орта бизнесті кешенді қолдау;

5. Тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту, ауылдық жолдарды жөндеу, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

6. Облыс халқының табысын 2029 жылға дейін ұлғайту жөніндегі өңірлік жоспарды іске қосу;

7. Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу, "Жайлымектеп" ұлттық жобасын іске асыру (жайлы мектеп);

8. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру, ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру;

9. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолайлы орта құру.

Алматы облысы экономикасының жыл сайынғы өсімі 3-4%, ал 2025 жылы - 5% құрайды деп жоспарлануда.

 

Пікірлер