Тоқаев православлықтарды Пасха мерекесімен құттықтап, елдегі өзгерістер жайлы айтты

1955
Adyrna.kz Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Қасым-Жомарт Тоқаев мейрамның мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, көпшілікті
қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын атап өтті.
"Қазақстанда заң үстемдігін орнықтыру, азаматтарға тең мүмкіндіктер ұсыну және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ауқымды өзгерістер жалғаса береді. Біз жалпыұлттық бірлікті нығайтып, баға жетпес байлығымыз – этностар мәдениетінің және діни салт-дәстүрдің әралуандығын сақтаймыз. Пасха мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!".
Президент, сонымен қатар, елдегі тұрақтылық пен дамуға үлес қосып, гуманизм, діни төзімділік және тілеулестік сияқты құндылықтарды орнықтыруға православ қауымының зор үлес қосып келе жатқанын сөз етті.
"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер