Жаңаөзенде Астанада наразылық акциясына шыққан мұнайшылар жаңа видео үндеу жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мұнайшылар сәуірдің 10-нан бері шерулер, митингілер, ереуілдер өткізуде.
Жаңа видеода олар өз талаптары бойынша шешім қабылданғанша «ӨзенМұнайГаз» («ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорны) кеңсесінде болатынын мәлімдеген.
Еске салайық, 10 сәуірде мұнайшылар Астанаға ҚМГ бас кеңсесіне келген, сол күні кешке жұмысшылардың бір бөлігін жергілікті полиция ұстаған болатын. Ұсталғандар туралы хабардан кейін мұнайшылар Астанадағы әріптестерін босатуды талап етіп, Жаңаөзен көшелеріне шықты.
Сәуірдің 13-і күні мұнайшылар стансалардың бірінде үкіметке жолданған видео үндеуді түсіріп алған.