Иран билігі хиджабты дұрыс кимегендерді аяусыз жазаламақ. Бұл туралы Иран сот билігінің басшысы Голамхоссейн Мохсени Эжеи мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оның айтуынша, хиджабтан бас тартқандар ұлттық құндылықтарды аяққа таптады деп айыпталып, аяусыз қудаланады.
Еске салайық, хиджабты дұрыс кимегені үшін тұтқындалған 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін 2022 жылдың 16 қыркүйегінде басталған Үкіметке қарсы шерулер 6 айдан аса уақытқа созылды.