Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ісі апелляциялық алқаға жолданды. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Еркін Шәріпбеков айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«М.Бектанов мамандандырылған әскери ауданаралық соттың үкімімен 2023 жылдың 24 ақпанындағы ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген.
Үкім бойынша ол мерзімді жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемесінде өтеуі керек болған.
«Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ, сотталушы М.Бектанов пен қорғаушысы А.Н.Подушкин үкімге шағым түсірді.
Іс әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына шағым мәні бойынша қарауға жолданды», - деп жазады Е.Шәріпбеков.
Еске салайық, Мұрат Бектанов 9 наурыз күні 12 жылға сотталған болатын.
Биыл қаңтарда экс-министр Мұрат Бектановтың заңсыз бұйрық бергені анықталды. Тәртіпсіздікке қатысқандар, әсіресе, Алматыда саны жағынан басым болған.
Олар қоршауды бұзған, полиция мен Ұлттық ұлан күштерін басып, халыққа зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан қылмыскерлер қолынан адамдар қаза болған, қалалар тоналған және өртелген. Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталды.