ОСК Мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

2006
Adyrna.kz Telegram

ОСК ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының соңғы қорытындысын жариялады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Сайлауда дауыс беруге құқылы 12 млн 35 мың 578 адамның 6 млн 366 мың 441-і дауыс берген.

"AMANAT" партиясы – 3 431 510  дауыс немесе 53,9% – 40 мандат;

"Ауыл" партиясы – 693 938 дауыс немесе 10,9% – 8 мандат;

"Respublıka" партиясы – 574 154 дауыс немесе 8,59% – 6 мандат;

"Ақ жол" партиясы  – 535 139 дауыс немесе 8,41% – 6 мандат;

"Қазақстанның халық партиясы" – 432 920 дауыс немесе 6,8% – 5 мандат;

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" – 331 058 дауыс немесе 5,1% – 4 мандат;

"Байтақ" жасылдар партиясы – 146 431 дауыс немесе 2,3%

Барлығына қарсы – 248 291 дауыс немесе 3,9%.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер