Бейбіт Исабаев сайлауда дауыс берді

6783
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан учаскеде таңдау жасаған Бейбіт Исабаев:

- Бүгін мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жүрегім қалаған саяси партияға және жекелеген кандидаттарға дауыс бердім. Сол арқылы Қазақстанның болашағы үшін, жас ұрпақтың ертеңі үшін таңдау жасадым, - деді ол.

Жетісу облысында барлығы 458 сайлау учаскесі, 443 мыңнан астам сайлаушы бар. Учаскелер таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап жұмысқа кірісті.

Пікірлер