"Шелек Шабытты құртады" - Студенттер шелектің түбін төпелеп, университетке шағым айты

2509
Adyrna.kz Telegram

Әрдайым қар еріп, жаңбыр жауған сайын Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің ғимараты су айдынына айналады. Шатырдан ғимараттың ішіне қарай тамған суды толтыру үшін қойылған шелектердің санында шек жоқ. Білім алып жатқан студенттерге жағдай жасалмаған, олардың құлшынысы құрып, мазасы кеткен. Оның үстіне шындықты серік еткен студенттерге қысым көрсетілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Төбесінен су ағып, ғимарат іші көлшікке айналатын оқу орнының әкімшілігі пластик шелектер жинауға әуес.  Кейде университет ғимаратының бойында  орналастырылған бұл шелектің саны ондағы музыкалық аспаптардың санынан асып түсетіндей  әсер қалдырады. Студенттер сабаққа жету үшін түрлі кедергілерден өтеді. Оқуға малмаңдай су болып бірақ кіреміз дейді олар.

Басшылықтың бейқамдығы мен межентопайлығына шыдамаған "Жаңа адамдар" ұйымының белсенділері жиын өткізді. Жиында қолға шелек алып, мәдениетті түрде шағымын жеткізген. Шелектің түбін ұрғылап, басшылықтың "түгін" қалдырмай әдеп жөнімен сынға алды. Дегенмен, басшылық тарапы студенттердің бір жағына шығысқанның орнына қысым көрсетіп, өздеріне қарсы шапқан. Бұл жайлы белсенді Yel Muzafar хабарлады.

Интернеттегі көп ақпараттың ішінде мына бір ерекше жағдай тасада қалып барады.
Астанадағы Ұлттық өнер университетінің студенттері бір аптаның ішінде екі рет университет әкімшілігіне қарсы бейбіт протест өткізді. Ешқандай агрессиясыз, мәдениетті және креативті түрде Ректорға оқу корпусындағы шатырлардан ағатын су мәселесін шешуді сұрап отыр. Ұрандары - “Шелек шабытты құртады”. Минусты жоюдың орнына қауіпсіздік қызметін плакатты алып тастауға жіберген менеджментті қалай адекват деп бағалауға болады?!
Тек бір кем дүние белсенді жастың саны аз. Басқа студенттердің көріп тұрып өхдеріне тікелей қатысты шараны қолдамауы неше түрлі ойға жетелейді. Советтік ұрпақтың орнына тәуелсіздік ұрпақтары келгенде саяси өмір, жалпы азаматтық қоғам басқаша болады деген тұжырымдарға күмән пайда бола бастады. Универ деңгейіндегі мәселелерді ашық айта алмаған адамдардан болашақта саяси талаптар қоя алатын электорат шығуы 50/50, - деп күйінді әлеуметтік желіде автор.
"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер