Алматы облысында ғылыми-практикалық семинар өтті  

1541
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының білім басқармасы және «Жас дарын» облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылығын ұлықтаған, Абай ілімінен нәр алған жастар – ел дамуының қозғаушы күші» тақырыбында ғылыми – практикалық семинар өтті.

Ғылыми - практикалық семинардың мақсаты - оқушылар бойында ұлттық құндылықты Абай ілімін негізге ала отырып дарыту, оқушылардың шығармашылығы мен дарындылығын дамыту.

Шара барысында республикадағы іргелі оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен Абай атындағы мамандандырылған гимназия – интернаты ғылыми-зертханалық, әдістемелік, тәжірибелік, әріптестік, шығармашылық байланыстарды нығайту мақсатында бірлескен меморандумға қол қойды.

Жиын соңында «Қарагөз» драма үйірмесінің жас өнерпаздары «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артынна сөз қалдырған!» сахналық қойлымын ел назарына ұсынды.

Сондай-ақ, ғылыми практикалық – семинарға қатысушылар облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікірлер