Серік Сәпиев Алматыда өткен турнирде қарсыласымен төбелесе жаздады

2914
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турнирінде Batyrball ойынына қатысты. Онда ол  қарсыласымен төбелесе жаздаған. Бұл туралы sports.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ойын кезінде Sever-Yug командасының мүшесі Сәпиевке қарсы күрестің бір әдісін қолданды. Бұл бұрынғы боксшыға ұнамады. Сөйтіп, аяқ астынан екеуінің арасында жанжал басталып кетті.

Серік Сәпиевтің Academy of Sports командасы жеңіске жеткен матч аяқталып, спортшылар қол алысқан кезде тағы да төбелес бола жаздады.

Айта кетейік, Batyrball - Naiza промоушнында танымал болған спорт түрі. Онда күрес пен баскетбол элементтері араласқан.

Пікірлер