Айгүл Орынбек: "Заң алдында жауап бересіз, Серікжан Біләш"

12094
Adyrna.kz Telegram

Сырттан келген қандастарға құшақ жайып қарсы аламыз, ал олар жайған құшағыңа қанжар қадап жатқаны дұрыс емес!
Серікжан Біләш дегеннің кім екенін қайдам? Бірақ "менмендікті" қою керек "елім"-деп келген соң! Абзал ағамның отбасындағы қаралы оқиғада, ағам бір жыл аза тұтып отырсада жарасады!
Боталап отырған азаматтың, артынан іс тындырдым деу ерлікке жатпайды!
Тек өзін ұлтшыл қылып көрсетіп, қалған азаматтардың еңбегін жоққа шығару бұл барып тұрған надандық! Елге келдің бе, елім деп жүрген азаматтармен бірік! Бөлінгенді бөрі жейді. Келгенің кеше , мемлекеттің саясатын қарсы шығып, батыстан көмек сұрап ұлтжанды азаматтарды масқаралап жетістікке жетем деп отырсыз ба Біләш мырза?! Сырттан келіп, жергілікті билікке сенбей Батысты пір тұтудың қажеті жоқ. Абзал ағам өз қаржысына көмек беріп азаматтық танытып жатқаны ол кісінің аңғалдығы! Әрбір қазақ жалғызым деген ұстанымы! Айдаладағы жапырақ байлап жүрген африкандықтарға Сайрагүлдің бостандығы не керек? Өздері нанға ақша таппай жүргенде ол байғұстар! Менің арқамда батыс білді деп көкірек қағыдудың да керегі жоқ. Білсе біліпті батыс, оның шешімін жергілікті билік шешеді! Біреуді қаралап олай өзіңізге ұпай жинап клоун болмағаныңыз дұрыс! Журналистер бір тиынсыз ештеңе жазбайды депсіз, қытайдағы қандас қазақтар да бір тиынсыз көмек бермейді. Сол себепті аузым бар екен деп сөйлей бермеңіз ел ішіне іріткі салып, әйтпесе заң алдында жауап бересіз!

 

Айгүл Орынбектің Фейсбук парақшасынан

Пікірлер