БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Батаңды бер, халқым!

6266
Adyrna.kz Telegram

Қазығұрт аудандық мәслихатына депутаттыққа түсу мақсатында құжаттарымды өткіздім.

Қарыздың бәрін жаптым. Өзімнің жеке атымдағы ЖШС-лердің салыққа қатысты есептерін жаптым. Басқа да есептегі қарыздарды жаптым.

Ақсақалдар алқасының кеңесінде болдым. Құжат тапсырғанымды естіп, өздері шақырды. Ақсақалдар өздері апта сайын жиналып тұрады. Жер мәселелері жөнінде жерді алдағы уақытта заң талаптарына сай халықтың мүддесіне шешу бойынша әңгіме тарқаттық. Қызықты әңгімелер болды.

Бұдан былай елді мекенде қандай мәселе болса да, ақсақалдар алқасымен ақылдасып, ел-жұртпен, жастармен талқыға салып, шешетін болдық. Округтің бірнеше елді мекендерінде ауыз су мәселесі ушығып тұр. Тау жақтан таза ауыз суды тарту мәселесі бойынша талқылау, оның қалай іске асатыны бойынша ой бөлістік. Бұл мәселе де көп ұзамай қолға алынады. Меніңше, бұл мәселенің бір шеті деп ойлаймын.

Батаменен ел көгерер! Қазығұрт аудандық мәслихатына құжаттарымды өткізгенім туралы естіген ақсақалдар қуанып, маған батасын берді.

Пікірлер