Ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардың 122 учаскесі жабылды, оның ішінде республикалық маңызы бар 42 учаске де дизельді және қоғамдық көліктерге жабық, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып.
ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес, Қарағанды облысында 57 техника жол жиегінде жиналып қалған (Теміртау қаласынан шыққан кезде).
Сондай-ақ тқтеншеліктер өткен тәулікте 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялағаны белгілі болды.
"Уақытша жылыту пункттерінде 56 адам орналастырылды, арасында 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5)", - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
10 қаңтарда еліміздің 8 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
"Адырна" ұлттық порталы