«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

3012
Adyrna.kz Telegram

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев өткен жылдың 7 қаңтарында қамауға алынды. Оған "заңсыз қару сақтады", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық етті" және "қарақшылықпен шұғылданды" деген айыптар тағылып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер