Мәсімов ісі «аса құпия» режимінде тергелуде - Бас прокурор

4558
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Кәрім Мәсімовтің ісі қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау және басқа да аса ауыр қылмыстар туралы іс «аса құпия» режимінде тергелді. Тағы бір бұрынғы орынбасары Ерғожин билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша айыпталып жатыр. Сонымен қатар бұрынғы орынбасары Осиповке және ҰҚК бөлімшелерінің басқа басшыларына өкiлеттiктерді асыра пайдалану айыбы тағылды. Басқа ақпаратты аша алмаймын», – деді Берік Асылов. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер