Донецк сепаратистерінің қолбасшысы, Кремль пропогандисі Гиркин-Стрелковтің пікірі әлеуметтік желіде тарады. Оның айтуынша, Қазақ топырағы алдағы шақытта соғыс майданына айналады-мыс. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.
Ісінен болбыр сөзі бұрын шабатын "Ресейдің қоғам қайраткері" Қазақ елін Ресейдің алдағы уақыттағы алысар жауының қатарына қосты. Оның болжамдарына сексек, қазақ-орыс шекарасы алдағы уақытта қақтығыстың орнасына айналады. Ресейдің өкпешіл әскери өкілі қазақ билігінің ұлттанып, қазақыланып, ұлттық құндылықтарға бет бұрғанына, елдің ұлттық санасының серпілгеніне аса ренжулі. Бұған қатысты:
- Қазақ елінде Ресейге қарсы қысас көрсеткен билік топтары шоғыранды... Олар Ресейді атқыламайды, бізбен бауырлас. Дегенмен, Қаңтар қақтығысы қазақта әлі жалғасады. Себебі, олардағы мәселе шешімін таппады. Әрі Қазақ елі біздің жауымызды ашық қолдап отыр. Менің пайымдауымша, Қазақ елінде орыстарға қарсы қысым соңғы уақытта күрт өсті, мұның соңы соғысқа ұласары анық, - деді Гиркин-Стрелков.
"Адырна" ұлттық порталы