Биыл отандық киноиндустрия өніміне қызығушылық артты

3117
Adyrna.kz Telegram

Егер сіз кез келген адамнан бос уақытын қалай өткізуді ұнататындығы туралы сұрасаңыз, онда барлығы дерлік фильм мен сериал көру деп жауап береді. Сонымен қатар қалың көпшілік концерттер мен театр қойылымдарына жиі барады.

Біздің kino.kz ойын-сауық әлеміндегі тұрақты гидіміз пайдаланушылардың қалауын талдап, биылғы жылы адамдар кинотеатрлар мен концерттерге белсендірек келе бастағанын анықтады. Әрине, бұл ең алдымен коронавирустық пандемиядан кейін карантиндік шектеулердің алынып тасталуымен байланысты. Бұдан бөлек ойын-сауық саласына деген қызығушылықтың артуы мен ұсынылған контент сапасының жоғарылағаны да әсер еткені анық. Бұған біз ауқымды ойын-сауық шоулары мен отандық кино өндірісінің тамаша фильмдерін жатқызамыз.

Шоу туралы айтатын болсақ, өткен жылдың жаз айлары ашық аспан астындағы фестивальдердің көптігімен ерекшеленгенін атап өткен жөн: Oyu fest, Beu fest, FourE, Esquire picnic. Zoloto және Noize MC музыканттарының концерттері үлкен аншлагпен өтті. Көптеген көрермендердің сұранысы бойынша Jah Khalib 2 концерт өткізді.

Kino.kz сайтының бөлек мақтанышы - 12 қалада өткен V $ X V PRINCE атты үлкен тур. Бұл entertainment саласындағы айтулы оқиғалардың бірі болды, өйткені бұған дейін дәстүрлі үлкен концерттер тек Алматы мен Астанада өтетін. Бұл гастрольде өнерпаз Батыс Қазақстан, Оңтүстік және Солтүстік облыстарды назардан тыс қалдырмай, барлық өңірді аралап шықты.

Билеттерді kino.kz сервисі арқылы негізінен жастар сатып алады. Олардың 54,2%-ы ерлер болса , 45,8%-ын әйелдер құрайды.

Көпшілік төлемді смартфон арқылы жасауды құп көреді. Осы орайда билеттерді Halyk Bank карталарымен төлеген кезде сатып алушы әрбір сатып алудан 5% бонус алатынын атап өткіміз келеді.

Егер қазақстандықтардың киноға қатысты қалауы туралы айтатын болсақ, 2022 жылғы ең танымал 20 фильмнің 7-уі қазақстандық екені қуантады. Бұл ретте алматылықтар, астаналықтар мен қарағандылықтар Marvel комикстерінің негізінде түсірілген фильмдерге билеттерді сатып алуды жөн көрді, ал басқа қалаларда қазақстандық фильмдер көш бастады. 2022 жылғы кинопрокатты сәтті ашқан "Пацанская история", "Дос-Мұқасан", "Қаш", "Келінжан" және "Бизнес по-казахски" фильмдері сатылым көшбасшылары болды.

Осылайша, қазақстандықтардың отандық киноиндустрия өніміне деген қызығушылығының айтарлықтай артқаны туралы дәлелді қорытынды жасауға болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер