«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы 16-17 желтоқсан күндері эфирге шығады

3116
Adyrna.kz Telegram

Астанада «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Туынды «Qazaqstan» телеарнасынан 16-17 желтоқсан күндері 18:00-де эфирге шықпақ.

6 бөлімді тарихи телехикаяда Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады.

Телехикаяның режиссері - Мұрат Есжан, продюсері - Айсәуле Әбілдаева. Сценарий авторлары - Мұрат Есжан, ақын, драматург Ұларбек Нұрғалымұлы және алаштанушы ғалым Ұшқын Сәйдірахман.

Сериалда бас кейіпкер Міржақып Дулатовтың рөлін Бақыт Қажыбаев, жары Ғайнижамалдың рөлін Зарина Кармен, қызы Гүлнар Дулатованың рөлін Гүлжас Әпсетова ойнайды. Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейханов бейнесін «Qazaqstan» телеарнасы түсірген «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының басты кейіпкерлері Байғали Есенәлі мен Бауыржан Қаптағай сомдайды.

Пікірлер