"Сыйақы береміз!" - "Қамқор Локомотив" басшылығы тараздықтарға уәде берді

3669
Adyrna.kz Telegram

Жалақының көтерілуін талап етіп, шеруге шыққан тараздық жұмысшылар компания басшылығымен ішінара ымыраға келді. "Қамқор Локомотив" ЖШС -cы оларда тәуелсіздік күні қарсаңында сыйақы беруді уәде етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тұтас ұжыммен өткен жиын барысында еңбеккерлердің жалақысын көтеру мәселесі талқыланады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмысшылар кәсіпорынның акт залына шақырылды. Олармен филиал басшысы Ілияс Лесбаев, сонымен қатар Тараз әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, қала прокурорының орынбасары Дастан Асқар, көлік прокуратурасының өкілі Жураев кездесіп, ымыраға келді.

"Қазір жағдай тұрақты, қатысушылар жұмыс орындарына кетті. "Қамқор Локомотив" ЖШС жұмысы әдеттегідей жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Қамқор Локомотив" ЖШС бас директорының орынбасары Асан Нүсіпқұлов және ЖШС-ның өзге де өкілдерінен құралған жұмыс тобы құрылды. Олар алдағы уақытта шеруге шыққандардың талабын қанағаттардыруға күш салмақ

Бүгін таңертең "Қамқор Локомотив" ЖШС филиалы, Тараз локомотив депосының жұмысшылары наразылыққа шықты. Жиналған жұмысшылардың негізгі талабы – сыйақы төлеу және жалақыны көтеру болатын. Олар өзге аймақтардағы әріптестерінің әлдеқайда көп жалақы алатынын айтып, тараздық қызметкерлердің еңбегін қанамауды ашық талап етті.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер