Олигарх Қайрат Боранбаевтың інісі пара берді деген күдікке ілінді

1261
Adyrna.kz Telegram

Қамауға алынған олигарх Қайрат Боранбаевтың немере інісі Әбілхан Боранбаев Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлеріне пара берді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пооталы “Время” басылымына сілтеп.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев сегіз айдан астам уақыт бойы тергеу изоляторында болды. Ол 25 миллиард теңге жымқырды деп айыпталуда.

Қыркүйек айының соңында футбол клубының иесі 56 жасқа толды, сол күні Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі агенттігі оны тергеу амалдарын жүргізу үшін алып кетті.

Кешке Боранбаев камераға қайтарылды, бірақ изолятор қызметкерлеріне ол, сау емес сияқты көрінді. Медициналық куәландыру арқылы қамауға алынған адамның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. 

Тергеу нәтижесінде қаржы мониторингі қызметкерлері Сергей Шульмин мен Қазбек Дәуреннің шоттарына ақша жіберілгені белгілі болды. Оны Қайрат Боранбаевтың інісі  Әбілхан Боранбаев жіберген.

Үшеуі де қамауға алынды, қызметкерлер пара алды деп күдіктелуде.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket