"Қызымды апельсинге ине қадатып құртты" - әнші Айгүл Елшібаева Құралай ханымға шүйлікті

4379

Халық әндері мен жыр-термелерді нақышына келтіріп кәсіби орындаушы, танымал әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желіде жаға ұстатарлық жазба қалдырып, ел арасында психолог ретінде танылған Құралай ханымға шүйлікті. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

- Құралай Ошақпаева атты оқымаған психологсымақ ел аралап тренингін тағы бастапты ғой. Ескертемін чёрная магиямен айналысатын қатыннан аулақ жүріңдер! Айнұрды [Тұрсынбаева] жақтады-, деп, әлі не үшін Құралайға қарсы болғанымды білмегендерге! Айнұр кешірім сұрады, стаканға су техника айтқан жазбасын, елге жариялап.

Мына мыстан өзі рухани надандықтан, мешеуліктен жасаған қылмысына, халықтан еш кешірім сұрамады. Айтқан маған мыстанның қарбашалары әлі де жала жабуда.

Психологпын деп, діни сауаты жоқ елге чёрная магияны үйреткен, ақшадан көзі көрмейтін, атаққұмар Құралай мыстанның теріс дуасынан қыздарым өліп кетті деп, аналары, туыстарының зарлаған жазбасына, маған сенбегендер суретті жылжытып оқыңдар, - деп жазды әнші.

Кейіннен Айгүл Елшібаева өзінің неліктен мұндай әрекетке барып, жаға жыртысып жүргенін оқырман қауымға түсіндіріп өтті.

- Чёрная магиямен айналасатын, мойнында адамның қаны бар, атақты, бай адамның энергиясын сорыңдар дейтін вампир, өзінің абжаттын бақыт дұғасы деп, теріс жаттатып, елдің қыздары өліп жынданып кетіп, Бақытты әйелге Мақпал, Айнұрға жабысып, телернаға шығар деп атын шығарған чёрная магиямен айналысатын мыстанға, ел зарлап маған жазғасын, қарсы болдым.  Себебі, оған қарсыластары қарсы болса, дүниең жоқ, байың жоқ, балаң жоқ, атағың жоқ, шет ел көрмегенсін біртәтем дейтін.
Құдай оған осы кретериясына сай мені шығарғаны да, құдайдың құдіреті емес пе?

Құралай мыстандарыңнан дуамен айналыспаған Айнұр ақын маған мың есе артық. Айтарымды айтып жазарымды жазып, есі барларға түсіндірдім. Пайғамбарымыз да дуаға қарсы болған, мұсылман адам дуамен айналыспайды. Түсінбегендер, Мыстанның артынан ерсеңдер, мыстандар одағын құрып, құранды теріс жаттатып жын талап, жын кіріп, адам өлтіруге ат салысасыңдар,, алға мыстанның нөкері, басқа не істей аласыңдар, айтар сөзім жоқ. Құдай аясын сендерді.

Құралай ханымның-Сюцай-деп ұрандатын жүргенінде индуизмнің, буддизмнің идеялары ойлары жатыр деген. Мұсылман емес, буддист болсаңдар еріңдер артынан, тасқа, пұтқа табынып, адасқандар.

Кейін опық жегесін, маған зарлап жыламаңдар! Енді, жауап та бермеймін.
Алла тура жолдан тайдырмасын! Түсінбегендер парақшама кіріп ескі жазбалардан қарап алыңдар.Сау болыңдар.Шаруа толып жатыр, - деп ойын түйіндеді әнші.

Сонымен қатар, Айгүл Елшібаева оқырмандарының Құралай ханымның дәрісін алып, соңында опық жегенін баяндайтын бірқатар жазбаларды алға тартты. Суреттердің мәтінінде:

"Күйеуім екеуіміз тыңдайтын едік. Күйеуімді өлтіріп кетті. Тылсым дүниенің болғанын сезем", Менің қызым да қайтыс болды. Құралай қызымды апельсинге ине қадатып құртты", - деп жазды оқырмандар.

"Адырна" порталы автор ұсынған деректерді төменде тіркейді:

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket